Шанхайда 2025 жылы күн сайын 320-дан астам жаңа технологиялық компания құрылған

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 ақпан

6 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 3 ақпан күні ашылған Шанхай қалалық 16-ыншы кезекті халық құрылтайы жиналысының төртінші сессиясындағы мәліметтер бойынша, Шанхай 2025 жылы технологиялық инновацияларды белсенді түрде ілгерілетіп, жетекші технологиялық компаниялар мен жоғары өсім көрсететін кәсіпорындарды қолдау саясатын жақсартқан. Соның арқасында қалада күн сайын орта есеппен 320-дан астам жаңа технологиялық компания іске қосылып, инновациялық шоғырлану үздіксіз артты.

2025 жылы Шанхайдың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын жалпы шығындары қаланың ЖІӨ-нің шамамен 4,5%-ына жетті. Өнеркәсіптік стратегиялық даму салаларының жалпы өнім құны 6,5%-ға өсті. Ал үш жетекші сала: интегралдық схема, биомедицина мен жасанды интеллекттің көлемі 2 триллион юаньға жоғарылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото