Хэ Цзяолунға «Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының коммунистік партиясының үздік мүшесі» атағы берілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 ақпан

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының комитеті Шыңжаңның дамуына қосқан ерекше үлесін ескере отырып, жуырда қайтыс болған жолдас Хэ Цзяолунға «Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы коммунистік партиясының үздік мүшесі» атағын беру туралы шешім қабылдады.

Хэ Цзяолун 1979 жылы дүниеге келген. Көзі тірісінде ол автономиялық регионның ауылшаруашылық өнімдерінің брендін құру және өндірістік-маркетингтік қызмет көрсету орталығының директоры болды. Ұлттық «8 наурыз қызыл тушысы» марапатына ие болған. 2026 жылдың 11 қаңтарында Бұратала қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің электрондық коммерциясына байланысты түсірілім кезінде кездейсоқ аттан құлап жарақат алып, ем-дом нәтиже бермей, 14 қаңтарда 46 жасында қайтыс болды.

Фото интернет бетіндегі мәтериялдан алынды

Хэ Цзяолун 13 жылдан бері Шыңжаңдағы халық арасында тамыр жайып, жұртшылықпен етене болды. Ол Шыңжаңның мәдени туризмі мен ауылшаруашылық өнімдерін қысқа видеолар мен тікелей эфирлер арқылы насихаттады, Моңғұлкүренің туризмінің өсуіне ықпал етті, Шыңжаңдағы ауылшаруашылық өнімдерінің сатылымын 50 миллиард юаньнан астамға дейін арттырды. Сонымен қатар ол 500-ден астам қайырымдылық ауыл шаруашылығын қолдау эфирін өткізген, 20 мыңнан астам адамға жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасаған. Оның еңбегі ауылды дамытуға және ұлтаралық бірлікті нығайтуға зор үлес қосқан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото