Шаньдун өлкесінің Яньтай қаласында табиғи газбен жүретін автобустар Мексикаға экспортталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 ақпан

9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шаньдун өлкесіндегі Яньтай портында Мексикаға бағытталған табиғи газбен жүретін 100 автобус кемеге тиеліп, жолға шықты. Ankai Bus компаниясы Мексика нарығының қажеттіліктеріне сәйкес арнайы тапсырыспен дайындаған автобустар аз газ тұтынатын, қуаты жоғары және жүру қашықтығы ұзақ сынды ерекшеліктерге ие. Жаңа автобустар Мексикадағы Монтеррей қаласының қоғамдық көлік жүйесіне енгізілмек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото