Хунаньнан Қазақстанға жоғары сапалы көкөністер экспортталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 ақпан

10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 ақпанда Хунань өлкесінің Юэян қаласындағы Цзюньшань көкөніс ғылыми- технологиялық паркінен көкөніс тиелген тоңазытқыш жүк көлігі Қазақстанның Алматы қаласына бет алды.

Дунтин көлінің жағасынан алынған 22 тонна көкөніс партиясы Қытайдың ұлттық географиялық көрсеткіш өнімдері болып табылатын «Гуансинчжоу қытай қырыққабаты» және «жалпақ қырыққабаттан» тұрады. Көкөністер төрт күн ішінде Алматыға жетеді.

Юэянның Цзюньшань аумағы Қытайдағы маңызды көкөніс өндірісі базасы және Хунань өлкесіндегі негізгі «көкөніс себеті» аймағы болып табылады. Онда 180 000 му көкөніс базалары бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото