- Барлық ақпарат
Жаңа жастар | қар-мұздан мүсін жасайтын шеберлер
10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың солтүстік-шығысындағы қыс жай ғана маусым емес, ол өмір салтының бір көрінісі. Қар-мұз туризмінің үздіксіз өсуімен Хэйлунцзян өлкесінің Харбин қаласы «мұз қаласы» ретінде танымал болып, қысқы туризмнің белсенді бағытына айналды. Аймақтың қысы келгендерге құшағын жайып, қар-мұз экономикасының қарқынды дамуына ықпал етіп, осы саладағы қар-мұз шеберлерін қалыптастырды.
Бұл бейнеде екі қар-мұз шебері Харбиннің әйгілі үлкен қар адамын жобалаушы Ли Цюши және Харбин педагогикалық университетінің мұз мүсін студенті Чэнь Фэйюэ өздерінің қар-мұзбен болған байланысын, оған деген сүйіспеншілігін әңгімеледі. Олардың еңбектері уақыт өтсе еріп кеткенімен, бұл еңбектерге шеберлердің кәсібіне деген ынта-жігері, шыдамдылығы мен құштарлығы сіңген. Олар жасаған мүсіндер Қытайдың солтүстік-шығысындағы қыстың ерекше тыныштығы мен романтикасын жалғастыра береді.

people.cn © People's Daily Online



