Мохэ - Қытайдың ең солтүстік нүктесіндегі қала: суық ресурс ыстық экономикаға айналды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 ақпан

10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Мохэ қаласы Қытайдың солтүстігіндегі Хэйлунцзян өлкесінде орналасқан. Аса суық климаты және кең қарлы алқабы бар бұл өңір көптеген туристерді мұз бен қардың өзегеше тартымдылығын сезінуге баурайды.

Қытайдағы ең биік ендікке ие қала болғандықтан, Мохэның қыстағы аса төменгі температурасы минус 53 градус цельсийге жетеді. Пойызбен қалың орман, қарлы даланы кешіп өту - осы «қар-мұз» алқабының таңғажайып саяхат сапарына айналды.

Бұрын өлкенің қатты суығы тұрмысқа қолайсыздық туғызса, қазір ол даму мүмкіндігіне айналды. Жергілікті аймақ мұз- қар туризмі мен автокөліктің суыққа төзімділігін сынау сияқты ерекше салаларды белсенді түрде дамытуда. Статистикаға сүйенсек, 2025 бұл аймақ 3,65 миллионнан астам турист қабылдаған. Ал туризмнен түскен табыс шамамен 3,3 миллиард юаньды құрады. Тек 2025 жылы қыстың басынан бастап көліктің суыққа төзімділігін сынау өнеркәсібі жергілікті қызмет көрсету саласына 17 миллион юаньнан астам қосымша табыс әкелді. Осылайша «суық ресурстар» үнемі дамуға ықпал ететін «ыстық экономикаға» айналуда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото