Теңге 3,7%-ға күшейді: ҚР Ұлттық банкі жаңа мәлімдеме жасады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 ақпан

ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамын икемді реттеу саясаты сақталатынын айтып, қажет болған жағдайда валюталық интервенция жүргізуге алтын-валюта қоры жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, сыртқы нарықтардағы құбылмалылық пен валютаға деген сұранысқа қарамастан, жыл қорытындысы бойынша теңге бағамы 3,7 пайызға нығайды. Бұған Ұлттық банктің ақша-несие саясаты мен мемлекеттің жалпы макроэкономикалық саясатына деген сенімнің артуы айтарлықтай ықпал еткен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото