Қазақстан магистральдық теміржол желісін кешенді жаңғыртады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 ақпан

Қытай шекарасынан Каспийге дейін жүктерді жеткізу уақыты осы жылдың соңына қарай 84 сағаттан 55 сағатқа дейін қысқарады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.

— Транзиттік әлеуеттің қарқынды дамуына кейбір қолайсыз факторлар әсер етіп отыр. Теміржол инфрақұрылымының тозу деңгейі жоғары болып тұр. Жүк пойыздарының жылдамдығы орта есеппен сағатына — 38 шақырым. Бұл ТМД елдеріне қарағанда жылдамырақ болғанымен, дамыған елдерден баяу, — деді О. Бектенов.

Сондықтан магистральдық теміржол желісін жаңғыртуға арналған кешенді бағдарламаны іске асыру барысы тұрақты бақылауда.

— Биыл жалпы ұзындығы 475 шақырым болатын екі теміржол желісінің құрылысын және 2 900 шақырым жолды жаңғырту жұмыстарын аяқтаймыз. Бұл транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайтуға, ал транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қытай шекарасынан Каспийге дейін жүктерді жеткізу уақыты осы жылдың соңына қарай 84 сағаттан 55 сағатқа дейін қысқарады, — деді Үкімет басшысы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото