ҚР Президенті инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге және инвестицияларды тартуды жандандыруға шақырды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 ақпан

Фото: Ақорда

Ақорданың ресми сайтында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі жарияланды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Қазақстан Президенті сөзінде инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге және инвестицияларды тартуды жандандыруға шақырды.

«Біз толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз керек. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет.

Жалпы, қазір елдегі инвестициялық ахуал жақсы деп айтуға болады. 2022 жылдан бері жинақталған тікелей инвестиция көлемі 84 миллиард доллардан асты. Негізгі капиталға салынған инвестиция шамамен 50 пайызға артты.

Бізге жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет. Бұл стратегияда, ең алдымен, жоғары технологиясы бар заманауи өндірістер ашуға басымдық берілуге тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, жеке бизнес айрықша рөл атқарады. Кәсіпкерлер экономикамызға сапалы инвестиция салу арқылы жұмыс орындарын ашады, жұрттың табысын арттыруға үлес қосады»,- деді ҚР Президенті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото