Астанадан Гуанчжоуға әуе бағыты ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 ақпан

Қазақстан Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Осыған орай, осы жылдың 2 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын ашуды жоспарлап отыр.

Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, рейстер аптасына 2 рет «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп жоспарланған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото