- Барлық ақпарат
Жаңбырлы түндегі бәсеке: Қытай әйелдер құрамасы Азия Кубогында үш рет қатарынан жеңіске жетіп, ширек финалға шықты

10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 наурызда әйелдер арасындағы Азия Кубогының топтық кезеңіндегі В тобының соңғы турында осы жарыстың бұрынғы чемпионы Қытай құрамасы КХДР құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, топтық кезеңді үш жеңіспен аяқтап, бірінші орын алды. Олар ширек финалда С тобының екінші орын алған құрамасымен кездеседі.

Алдыңғы екі турда екі құрама да екі рет жеңіске жетіп, ширек финалға мерзімінен бұрын шыққан болатын. Сиднейдегі жаңбырлы түнде КХДР құрамасы 32-минутта қарсы шабуылда есеп ашты. Екі минуттан кейін Чэнь Цяочжу Қытай құрамасының есебін теңестірді. Ал Ван Шуан бірінші таймның қосымша уақытында гол соғып, ойынды жеңіспен аяқтады. Қытай құрамасының ширек финалдағы қарсыласы 10 наурызда анықталады. Ал топта екінші орын алған КХДР құрамасы А тобының жеңімпазы Аустралия құрамасымен кездеседі.

people.cn © People's Daily Online



