- Барлық ақпарат
Үрімжі – Тиссайд (Ұлыбритания) қаласы аралығындағы халықаралық жүк тасымалы әуе рейсі ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 наурыз
11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының орталығы Үрімжі қаласы мен Ұлыбританияның солтүстік-шығысындағы Тиссайд аралығындағы халықаралық жүк тасымалы әуе рейсі 10 наурызда ресми түрде ашылды. Осылайша Қытай мен Ұлыбританияның солтүстік-шығыс аймағы арасында жаңа әуе логистикалық дәлізі құрылды. Биыл бұл бағыт бойынша 39 рейс орындалады.

Үрімжі Тяньшань әуежайы кеден бастығының орынбасары Лю Цзинъи бұл бағыттың Қытайдың солтүстік-батысы мен Ұлыбританияның солтүстік-шығысын байланыстырып, Қытайдың ішкі аймақтары, Орталық Азия және Еуропа нарығының трансшекаралық электронды коммерция индустриясының тізбегін тиімді жалғайтынын айтты.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



