- Барлық ақпарат
Еліміздің тұңғыш интеграцияланған ірі көлемді гидравликалық сындыру кемесі тапсырылып, теңіз мұнай-газын игеру қабілеті артты

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Еліміздің дербес жобалап жасаған тұңғыш интеграцияланған ірі көлемді гидравликалық сындыру кемесі «HAI YANG SHI YOU 696» (Хайян Шию 696) Чжэцзян өлкесінің Чжоушань қаласында ресми түрде тапсырылды. Бұл еліміздің теңіз мұнай-газын гидравликалық сындыру арқылы өнімділігін арттыру технологиясы мен инженерлік жабдықтарындағы олқылықтың орнын толтырып, еліміздің теңіз мұнай-газын игеру қабілетін арттырады. Әрі ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызға ие.
«HAI YANG SHI YOU 696» кемесінің ұзындығы 99.8 метр, ені 22 метр. Көлемі дүние жүзіндегі осындай типтес кемелердің алдыңғы қатарында. Бұл кеме жоғары ағынды, жоғары қуатты ірі көлемді теңіз гидравликалық сындыру жұмыстарын орындай алады.
Сонымен қатар, бұл кеменің үздіксіз жұмыс істеу қабілеті мен материалдық қор жинау сыйымдылығы жоғары. Оның жұмыс тиімділігі бұрынғымен салыстырғанда шамамен 40%-ға артқан.
people.cn © People's Daily Online



