Қытай Еуропаға ең үлкен бір блокты теңіз жел турбинасының қаптамасын жеткізді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 наурыз

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11 наурыз күні Inch Cape теңіз жел энергетикасы жобасының қаптамасы(catheterostat)Гуандун өлкесінің Чжухай қаласына жеткізілді. Бұл Қытайдың Еуропа нарығына енгізген ең үлкен бір блокты теңіз жел турбинасы қаптамасы.

Бұл жолы жеткізілген сегіз қаптама жобаның негізгі компоненттерінің соңғы партиясы болып табылады; ең биік бір блокты қаптама 95,44 метрге жетеді. Бұл 35 қабатты тұрғын үй ғимаратының биіктігіне жуық.

Inch Cape теңіз жел энергетикасы жобасына 18 қаптама, тіреуіш болат қадалар және 24 байланстыратын қосымша керек-жарақтар кіреді. Жоба жұмысы Ұлыбританияның Шотландия жағалауындағы Солтүстік теңізде орналасқан. Толық іске қосылғаннан кейін жоба Шотландиядағы үй шаруашылығының жартысынан көбінің электр энергиясына деген қажеттілігін қанағаттандыра алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото