Қытайдың орман және жайылымдық жермен көмкерілу деңгейі 56%-дан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 наурыз

12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 12 наурыз — Қытайдың ағаш отырғызу күні. 2025 жылғы Қытайдың ұлттық көгалдандыру жағдайы туралы бюллетеньге сәйкес, 2025 жылы ел 3,563 миллион гектар жерге орман отырғызуды аяқтап, 4,927 миллион гектар тұяқ кесті болған жайылымдарды қалпына келтірді. Орманмен қамту деңгейі 25,09%-ға, ал орман мен жайлымның көмкерілу деңгейі 56%-ға ұлғайды. Сөйтіп, Қытай әлемдегі жаңадан қосылған жасыл аймақтың төрттен бір бөлігіне өз үлесін қосты.

Өткен жылы ірі көлемді ұлттық көгалдандыру бастамалары қарқынды жүрілді. Оның ішінде 166 ірі ұлттық экологиялық жүйені қорғау және қалпына келтіру жобалары мен тау, өзен, орман, егістік, көл, жайылымдар мен шөлдерді қорғау және қалпына келтірудің 27 кешенді жобасы жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, экологиялық өнімдерді жеткізу қуаты үздіксіз нығайтылып, орман шаруашылығы мен жайылым өнеркәсібінің жалпы өнім құны 11 триллион юаньға жақындады. Жылдық ағаш өндірісі 140 миллион текше метрге жетті. Орман азық-түлік өндірісі 240 миллион тоннадан асты, ал шай майы өндірісі 1,18 миллион тоннаға жетті. Орманға негізделген денсаулық сақтау және құстарды бақылау экономикасының өсімі жалғасып, экотуризм жыл сайын 3 миллиардтан астам келушіні қабылдайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото