Қайта өсетін күрішке арналған әлемдегі алғашқы «ақылды» ферма құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 наурыз

16 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Хунань өлкесінің Иъян қаласында жақында әлемдегі алғашқы қайта өсетін күрішке арналған ақылды ферма іске қосылды. Бұл ферма бірнеше жоғары оқу орнының бірлескен жобасы ретінде құрылған. Мұнда заттар интернеті, Бейдоу навигациясы және үлкен деректер технологияларын пайдалану арқылы бұлтты басқару орталығының көмегімен пилотсыз ауыл шаруашылығы машиналарының автоматтандырылған жұмысы басқарылады.

Қайта өсетін күріштің сабағын қорғау қажеттілігіне байланысты, пилотсыз комбайн бағытты дәл жоспарлау арқылы, басып кету мөлшерін 45%-дан 18%-ға дейін төмендетіп, әр гектарынан 180 тоннадан астам өнім алуға мүмкіндік берді, бұл дәстүрлі әдіспен салыстырғанда айтарлықтай өсімге қол жеткізді.

2025 жылы бұл технология Иьян қаласының Наньсянь ауданында 130 гектардан астам жерде қолданылып, стандарттау және цифрландыру арқылы егістік көлемі 1800 гектардан астам жерге қызмет көрсететін ақылды ауыл шаруашылығы қызмет көрсету индустриялық паркі құрылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото