- Барлық ақпарат
Қытай мұнай-газ алыбы алғашқы күн энергетикасы мен балқытылған тұз арқылы энергия сақтау жобасын іске қосты

16 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 12 наурызда Қытай мұнай-химиясы Шыңжаңдағы Душаньцзы мұнай-химия филиалы өзінің тұңғыш фотоэлектрлік энергияны балқыған тұзда сақтау пилоттық жобасын іске қосты. Бұл энергетикалық алып компанияның мұнай өңдеу және мұнай-химия саласында жасыл трансформацияға қарай бастаған маңызды қадамын көрсетеді.
Жоба 400 гектардан астам аумақты алып, жалпы инвестициясы 820 миллион юаньды құрайды. Жобада «фотоэлектрлік электр энергиясын өндіру + балқыған тұзда энергия сақтау» форматы қолданылады. Күн энергиясын пайдаланып электр энергиясын өндіріп, тұзды балқыту арқылы жылу энергиясын сақтайды, содан кейін сұранысқа сай жылу арқылы бу шығарады. Осылайша дәстүрлі көмір отынды қазандықтар алмастырылып, өнеркәсіптік өндіріске тұрақты таза электр энергиясы мен бу ұсынылады.
people.cn © People's Daily Online



