- Барлық ақпарат
Қытай әлемдегі алғашқы инвазивті ми-компьютер интерфейсі өнімінің нарыққа шығуын мақұлдады

16 наурыз, онлайн «Халық Газеті» --13 наурызда Мемлекеттік дәрілік заттар басқармасы neuracle компаниясының әлемдегі алғашқы инвазивті ми-компьютер интерфейсі NEO медициналық құрылғысының нарыққа шығуын мақұлдады. Бұл құрылғы жұлын жарақаты бар науқастардың қол функциясын алмастыруға арналған. Жүргізілген клиникалық сынақтар науқастардың ұстау функциясын жақсартқан.
Бұл өнім сонымен қатар клиникалық қолдану кезеңіне енген алғашқы инвазивті ми-компьютер интерфейсі медициналық жабдығы болып табылады.
«NEO» деп аталатын бұл медициналық өнім мойын, жұлын жарақаты салдарынан қол-аяғы сал болып, саусақтары ұстау қабілетінен айырылған 18 бен 60 жас аралығындағы науқастарға арналған.
Тиын көлеміндей инвазивті құрылғыны имплантациялау арқылы бұл жабдық ми сигналдарын нақты уақыт режимінде жинап, декодтай алады. Осылайша науқастарға ой арқылы пневматикалық қолғапты басқарып, заттарды ұстау, көтеру және су ішу сияқты әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Құрылғынының имплантациялау эпидуральды әдісті қолданауы жоғары сапалы сигнал жинауды қамтамасыз ете отырып, ми тінінің зақымдану қаупін төмендетеді. Сымсыз қуаттандыру және байланыс жүйесінің арқасында бұл құрылғы бір рет имплантацияланып, ұзақ мерзімге қолданылады. Науқас операциядан кейін шамамен бір айдан соң үйде жүйені өзі басқара алады.
Бүгінгі күнге дейін бұл құрылғы 36 клиникалық имплантацияда қолданылды. Оның ішінде 4 ізденіс сынағы және клиникалық сынақтардың сапа менеджменті стандарттары бойынша жүргізілген 32 көп орталықты клиникалық сынақ бар. Барлық қатысушылар қолдың ұстау функциясының әртүрлі дәрежеде жақсарғанын көрсетті. Кейбір қатысушыларда жүйке байланыстарының қалпына келуі және жүйке функциясының ішінара қалпына келу белгілері байқалды.
people.cn © People's Daily Online



