Қытай СІМ: Қытай тарапы Қазақстанның жаңа конституция бойынша жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтайды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 наурыз

17 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь 16 наурызда Қытай тарапы Қазақстанның жаңа конституция бойынша жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтайтынын жеткізді.

Линь Цзянь Қытай елінің Қазақстанның тату көршісі әрі мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптесі ретінде Қазақстанның ұзақмерзімді татулығы мен тұрақтылығын, қоғамдық дамуы мен өркендеуін қолдайтынын атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан мемлекет құру ісінде одан да зор жетістіктерге жетіп, «Әділетті Қазақстан» құрудың айтулы мақсатын сәтті жүзеге асыратынына сенім білдірді.

«Қытай тарапы Қытай-Қазақстан қатынастарын дамытуға әрдайым жоғары мән беріп, Қазақстан тарапымен бірлесіп, екі ел басшыларының маңызды ортақ келісімдерін толық іске асыруға, жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге, Қытай-Қазақстан қатынастарын жаңа белестерге көтеруге ықпал етуге дайын», — деді Линь Цзянь.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото