Алматыда Қытай – Орталық Азия баспа орталығы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 наурыз

Қазақстанның Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай – Орталық Азия баспа орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі хабарлады.

Тұсаукесер «Ұлы Жібек жолының кітап мәдениеті: өркениеттер диалогы – Қытай–Орталық Азия баспа орталығын іске қосу» атты ауқымды шара аясында ұйымдастырылды. Жаңа орталық кітап шығару, аударма жұмыстарын дамыту, халықаралық ғылыми ресурстармен алмасу және «мемлекет – университет – бизнес – индустрия – медиа» форматындағы стратегиялық серіктестікті нығайту үшін бірегей платформа ретінде қызмет етеді.

Суреттер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ресми сайтынан алынды

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото