Қытайдың траншекаралық сауданы ықпалдастыру жөніндегі арнайы іс-шарасының пилоттық аймақтары 45 қалаға дейін ұлғайтылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 наурыз
Қытайдың траншекаралық сауданы ықпалдастыру жөніндегі арнайы іс-шарасының пилоттық аймақтары 45 қалаға дейін ұлғайтылды

17 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Бас кеден басқармасы 16 наурызда Орталық интернет-ақпарат басқармасы, Сауда министрлігі және т.б. 24 мекемемен бірлесіп, «2026 жылғы траншекаралық сауданы ықпалдастыру жөніндегі арнайы іс-шарасын» 6 ай мерзімде өткізуді ұйымдастырды.

Бас кеден басқармасының төрағасы Сунь Мэйцзюньнің айтуынша, биыл пилоттық аймақтар едәуір кеңейіп, Хух-Хото, Сучжоу, Ухань және т.б. 20 қала қосылып, қатысушы қалалар саны 45-ке жетті. Қазіргі халықаралық сауда ортасының өзгеруіне байланысты бұл іс-шара аясында тауар саудасын оңтайландыру, цифрлық және жасыл сауданы дамыту, кеден рәсімдерін реформалау және траншекаралық логистика тиімділігін арттыру сынды бағыттарға басымдық беріп, 29 жаңа саясаттық шара енгізілді.

Билік өкілдерінің айтуынша, сауданы ықпалдастыруды ілгерілету – сыртқы әлемге ашылуды кеңейту, кәсіпорындарға тапсырыстарын тұрақтандыруға көмектесудің тиімді шарасы, сонымен қатар Қытайдың ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) алдындағы міндеттемелерін орындауының және көпжақты сауда жүйесін қолдауының нақты іс-әрекеті. 2018 жылдан бері Қытай осындай ықпалдастыру шарасынан жиынтығы 144-ін жариялап, олардың 70 пайыздан астамы бүкіл елде қолданысқа енгізіліп, сыртқы сауданың іскерлік ахуалын үздіксіз жақсартып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото