«Шэньчжоу-21» ғарыш кемесінің экипажы екінші реткі кабинадан тыс жұмысын сәтті аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 наурыз

17 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 16 наурызда сағат 19:35-те кабинадан тыс 7 сағатқа созылған жұмыс барысында «Шэньчжоу-21» экипажының ғарышкерлері Чжан Лу, У Фэй, Чжан Хунчжан тығыз ынтымақтастықта бола отырып, ғарыш станциясының механикалық қолының және жердегі ғылыми қызметкерлердің қолдауының арқасында ғарыш қалдықтарына қарсы қорғаныс құрылғыларын орнату және т.б. міндеттерді сәтті орындады. Кабинадан тыс жұмыс істеген екі ғарышкер Чжан Лу мен У Фэй «Вэньтянь» тәжірибе модуліне қауіпсіз оралды, кабинадан тыс жұмыс сәтті аяқталды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото