- Барлық ақпарат
ҚР Президенті Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 18 наурыз

Фото: KAZINFORM
ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Ақпаратқа сәйкес, қазақстандықтар 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы туралы референдум өткізген болатын. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 9 млн 127 мың 197 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құрады. Жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтар саны 7 млн 954 мың 667 адам немесе 87,15 пайыз болды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



