Кедендік операциядан бері Хайнань еркін сауда портының сыртқы нарығы қарқынды өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 18 наурыз

18 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Хайкоу кеденінің 17 наурыздағы мәліметінше, Хайнань еркін сауда порты 2025 жылғы 18 желтоқсанда Кедендік операциясын бастағаннан биылғы ақпанға дейін тауар саудасының импорты мен экспорты шапшаң ұлғаюда.

Статистикаға сәйкес, Кедендік операция басталғаннан бері Хайнаньның тауар саудасының импорты мен экспортының жалпы құны 65,49 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,1 пайызға жоғарылаған. Биылғы алғашқы екі айдағы сыртқы сауда көлемі тарихи кезеңдегі ең жоғары деңгейге жетті. 2018 жылы еркін сауда портын салу туралы жариялаған мерзіммен салыстырғанда, Кедендік операция басталған екі айдағы сыртқы сауданың жалпы көлемі сол жылғы жалпы көлемнің 80 пайызына жуықтаған.

Деректер Хайнаньның сыртқы сауда субъектілері талпынысының артқанын, импорт-экспорт нәтижесі бар кәсіпорындар санының айтарлықтай өскенін көрсетеді. Жеке кәсіпорындар негізгі күш ретінде бүкіл өлкедегі жалпы импорт-экспорт құнының 75 пайыздан астам үлесін құраған.

Сонымен қатар, Хайнаньның сауда серіктестері 220-дан астам ел мен аймаққа кеңейген. «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдермен импорт-экспорт көлемінің үлесі 61 пайыздан асып, дамып жатқан нарықпен импорт-экспорт көлемі қарқынды өскен.

Сурет «Жэньминь жибао» газетінен алынды

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото