Дүниежүзіндегі ең үлкен диаметрлі суасты туннелі Цзинаньда сәтті қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 19 наурыз

19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шаньдун өлкесінің Цзинань қаласындағы Хуанганлу Хуанхэ туннелінің жоғарғы қабат жол төсемі 17 наурызда толығымен аяқталып, дүниежүзіндегі ең үлкен диаметрлі суасты туннелінің қос қабатты қосылуы жүзеге асты.

Туннельдің жалпы ұзындығы шамамен 5,75 шақырым, оның ішінде қалқанды бөлігінің ұзындығы шамамен 3,3 шақырымды құрап, қазба диаметрі 17,5 метрлік қалқанды машинасы қолданылып салынды. Туннель бір қуыста екі қабатты құрылымды болып, жоғарғы және төменгі қабаттарда барлығы алты жолақ жол орналасқан. Көлік қозғалысының жобаланған жылдамдығы сағатына 60 шақырым.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото