Шыңжаңның Тұрпан аймағындағы шөл далада ілбіс байқалды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 наурыз

23 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 21 наурыз күні Шыңжаңның Тұрпан аймағы Құмтағ шөлінде ілбіс байқалды. Жергілікті орман шаруашылығы, жайылым басқармасы және қоғамдық қауіпсіздік мекемесі бірлесіп, бес сағат дегенде ілбісті ұстап, құтқару шараларын жүргізді.

Алдын ала тексерулер оның ересек аналық ілбіс екенін анықтады. Ол әлсіреп, сусырап кеткен, алайда жарақаты жоқ. Жергілікті құтқару мекемелеріндегі жағдайдың шектеулеріне байланысты ілбісті түнде Шыңжаң жабайы табиғатты құтқару орталығына жеткізді. Қазіргі уақытта ілбіске кәсіби медициналық көмек көрсетіліп, денсаулығы бақылануда.

Тұрпандағы жауапты тұлғаның айтуынша, ілбіс әдетте биік таулы аймақты мекендейді. Ал оның құм далада жортуы өте сирек кездесетін жағдай. Бұл ілбіс жемтігін қуып бара жатып жолдан адасып, құмды шөлге тап болған болуы мүмкін.

«Қарлы таудың патшасы» ретінде белгілі ілбіс Қытайда бірінші дәрежелі қорғалатын жабайы жануар. Ол негізінен еліміздің Шыңжаң, Сицзан, Цинхай, Ганьсу, Сычуань және Юньнань сынды биік таулы аймақтарында тіршілік етеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото