Алғашқы екі айда Шыңжаңның импорты мен экспортының жалпы құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 наурыз

Фото: Үрімжі кеденінің ресми сайтынан

23 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кедені жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2026 жылдың алғашқы екі айында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы импорт-экспортының жалпы көлемі 71,22 миллиард юаньға (шамамен 10,34 миллиард АҚШ доллары) жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға өсті.

Қытайдың батысқа ашылған тірегі ретінде Шыңжаңның сыртқы сауда құрылымы оңтайлана түсуде. Алғашқы екі айда жалпы сауданың импорты мен экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,8%-ға ұлғайды. Бұл регионның сыртқы сауда жалпы көлемінің 51,3%-ын құрады және сыртқы сауданың жалпы өсімінің 31,6 пайыздық тармаққа жоғарылауына ықпал етті. Трансшекаралық электрондық коммерциясы, нарықтық сатып алу саудасы, шекаралық сауда сияқты жаңа бизнес нысандары жоғары өсу қарқынын көрсетті.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасының өзекті аймағы артықшылығына сүйене отырып, Шыңжаң бастаманы бірлесіп құрушы елдермен экономикалық және сауда ынтымақтастығын тереңдетуде. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойындағы елдермен сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,5%-ға өсіп, регионның сыртқы сауда жалпы көлемінің 90,3%-ын құрады. Орталық Азия, АСЕАН, Ресей үш негізгі нарықпен сауда тұрақты өсімді сақтап, оның ішінде АСЕАН елдерімен сауда көлемі 181,4%-ға артып, Шыңжаңның сыртқы сауда өсімін ұлғайтудың негізгі күшіне айналды.

Қазіргі уақытта электромеханикалық өнімдер дәстүрлі санаттан асып, Шыңжаңның бірінші ірі экспорттық тауарына айналды. Электр жабдықтары, автомобиль бөлшектері сияқты өнімдердің экспорты айтарлықтай өсті. Импорт жағында металл кен өнімдері, ауыл шаруашылық өнімдері сияқты санаттар жылдам өсу үрдісін көрсетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото