- Барлық ақпарат
2026 жылғы Гуманоидты роботтардың кіші марафоны сәуір айында басталады

2025 жылғы Ичжуан кіші марафонының суреті, материялдан.
23 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Бейжіңдегі Ичжуан кіші марафоны мен Гуманоидты роботтардың кіші марафоны 19 сәуірде басталады. Онда адам мен робот жүгірушілер бір салада жарысады.
Оған Бейжің қалалық Халық үкіметі, Орталық Радио-Теледидар Бас мекемесі, Қытай электроника қоғамы, Дүниежүзілік робототехника ынтымақтастығы ұйымы бірлесіп демеушілік жасады. 23 наурызда Ұйымдастыру комитетіне бүкіл ел бойынша 76 ұйымнан барлығы 100-ден астам тіркеу өтінімдері келіп түсті. Оның ішінде 80-нен астам корпоративтік командалар, 20-дан астам университеттер мен оқу-жаттығу жиындарының командалары бар; жалпы 26 бренд, 300-ден астам гуманоидты роботтар жиналды.
Биылғы робот кіші марафоны ауқымы, өту барысы және техникалық мүмкіндіктері бойынша деңгейі жан-жақты көтерілген. Қытайдың робот өнеркәсібінің технологиялық зерттеулер мен әзірлемелерден бастап өнім инновацияларына дейінгі өркендеген өміршеңдігін толық көрсетеді.
people.cn © People's Daily Online



