Астанада Қытай қаржыландырған кәсіпорындардың қайырымдылық көмек көрсету рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 наурыз

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 20 наурыз күні Астанадағы SOS балалар ауылында Қытай қаржыландырған кәсіпорындардың екінші кезекті қайырымдылық көмек көрсету шарасы сәтті өтті.

Іс-шараны Қазақстандағы Қытайдың Бас сауда палатасы ұйымдастырды, оған Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь қатысып, сөз сөйледі.

Мәліметтерге сәйкес, қайырымдылыққа Қазақстандағы 17 Қытай қаржыландыратын мекеме ат салысып, жалпы сомасы шамамен 4,17 миллион теңге (шамамен 8730 АҚШ доллары) қолма-қол ақша мен керек-жарақ түрінде көмек жасалды.

Қайырымдылық шарасы Наурыз мерекесі қарсаңында өтті. Қатысушылар балалар ауылына барып, балалармен бірге мерекені тойлап, мерекелік тағамдардан дәм татып, бірге ойнайтын көңілді іс-шараларға қатысып, мейрімділік пен бірліктің лебін сезінді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото