- Барлық ақпарат
Ван И Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлесті
25 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И 24 наурызда Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арақчидің шақыруы бойынша онымен телефон арқылы сөйлесті.
Аббас Арақчи Ван И-ге аймақтағы жағдайдың беталысы туралы мәлімет беріп, шұғыл гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қытай тарапына алғысын білдірді. Ол Иран халқының сыртқы шапқыншылық әрекеттерге қарсы тұрып, егемендік пен тәуелсіздікті қорғау үшін біріге түскенін жеткізді. Иран тарапы уақытша бітімге емес, толық соғысты тоқтатуға қол жеткізуге ұмтылады. Хормуз бұғазы баршаға ашық, кемелер қауіпсіз өте алады, бірақ соғыс жағдайындағы елдер бұл тізімге кірмейді. Барлық тараптардың қабылдайтын шаралары қақтығысты ушықтыруға емес, жағдайды орнықтыруға ықпал етуі тиіс деп күтілуде. Иран тарапы Қытайдың бітімгершілік пен соғысты тоқтату ісінде оң рөлін жалғастыратынына үміт артады.
Ван И Қытайдың ұстанымын қайталап, барлық маңызды мәселелерді күш қолданбай, диалог пен келіссөздер арқылы шешу қажеттігін атап өтті. Келіссөздер жүргізу соғысты жалғастырғаннан жақсы. Бұл Иран мемлекеті мен халқының мүдделеріне сәйкес келеді, халықаралық қауымдастықтың ортақ тілегін де білдіреді. Тараптар бітімгершіліктің барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, бітім келіссөздерін мүмкіндігінше тезірек бастауы тиіс. Қытай өзінің объективті және әділ ұстанымына берік, басқа елдердің егемендігіне қол сұғуды қолдамайды. Бітімгершілікке және соғысты тоқтатуға белсене жәрдемдесіп, аймақтың тыныштығы мен тұрақтылығына өз үлесін қосады.
people.cn © People's Daily Online



