Шынжаңда 29-ыншы азаматтық көлік әуежайы ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 наурыз

25 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 24 наурызда Шынжаңдағы 29-ыншы азаматтық көлік әуежайы – Байынғолын Луньтай әуежайының сынақ ұшу міндеті сәтті аяқталды. Бұл Луньтай әуежайының пайдалануға берілер алдындағы соңғы кезеңге аяқ басқанын білдіреді.

4C деңгейлі стандарт бойынша салынған әуежайдың жалпы инвестициясы 707 миллион юаньды құрайды. 2030 жылға қарай жолаушылар тасымалы 300 мың адам, жүк-пошта тасымалы 600 тонна болады деп жоспарлануда. Үрімжі, Бейжің, Чэнду, Сиань бағыттары бойынша рейстер ашу жоспарланған. Бұл Луньтайдың Шынжаң ішіне және елдің басқа аймақтарына дейінгі көліктің жүру уақытын айтарлықтай қысқартады.

Қазіргі таңда Шынжаңда пайдаланудағы азаматтық көлік әуежайларының саны 28-ге жетті. «15-ші бесжылдық» (2026-2030 жылдар аралығы) кезеңінің соңына қарай Шынжаңда пайдаланылатын және салынып жатқан көлік әуежайларының саны 38-ге жетеді деп күтілуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото