- Барлық ақпарат
Қытай автокөлік өндірушілерінің жаһандық сатылымы 20 жылдан бері алғаш рет Жапонияны басып озып, бірінші орынға шықты

25 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Жапонияның «Nikkei» газетінің сайты жариялаған ақпаратқа сәйкес, жапондық автокөлік өндірушілерінің 2025 жылғы жаһандық жиынтық сатылымы шамалы төмендеп, шамамен 25 миллион көлікті құрап, 2000 жылдан бері алғаш рет бірінші орыннан түсіп қалған. Қытайлық автокөлік өндірушілерінің өткен жылғы жаһандық жиынтық сатылымы 27 миллион көлікке жуықтап, Жапонияны басып озып, алғаш рет әлем бойынша бірінші орынға шықты.
«Nikkei» газетінің сайты әрбір автокөлік кәсіпорны жариялаған деректер мен жаһандық автокөлік ақпарат платформасы MarkLines-тің сауалнама деректеріне статистика жүргізу негізінде жоғарыда аталған қорытындыға келген. Басылымның хабарлауынша, BYD компаниясы 2025 жылы өз сатылымы бойынша Ford компаниясын басып озып, әлем бойынша алтыншы орынға ие болған; Geely Auto компаниясының сатылымы Honda компаниясынан асып, сегізінші орынға жайғасқан. Таза электромобильдер саласында BYD америкалық электромобиль бренді Tesla-ны басып озып, әлем бойынша бірінші орынға көтерілген. Әлемдік сатылым бойынша алғашқы 20 автокөлік кәсіпорны тізіміне Қытайдан 6 компания енген, бұл Жапонияның 5 компаниясынан асып түседі. Chery, Changan, SAIC, Great Wall секілді компаниялар тізімге енген.
Жапонияның Mizuho Bank Business Solutions басқармасының жетекші сарапшысы, автокөлік саласының маманы Тан Цзинь Қытай автокөлік өндірушілерінің жалпы сатылымы Жапониядан асып түсуі жай ғана рейтингтік өзгеріс емес, бұл әлемдік автокөлік ықпал аумағының қайта құрыла бастағанын көрсетеді деді. Оның айтуынша, Қытай автокөлігінің қарқынды дамуы озық технология, шығын артықшылығы, зерттеу және әзірлеу қарқыны секілді көптеген салалардағы кешенді күшпен байланыстырды. Жапония өзінің автокөлік өнеркәсібінің электрлендіруі мен жаһандық стратегиясын қайта қарап, жаңаша реттеулер жүргізуі қажет.
people.cn © People's Daily Online



