- Барлық ақпарат
Қытайдың Экспорт-импорт банкі 2026 жылдың алғашқы екі айында 160 миллиард юаньнан астам жаңа сыртқы сауда несиелерін берді
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 наурыз

25 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Экспорт-импорт банкінің (Exim Bank) 24 наурыздағы мәліметіне сәйкес, банк 2026 жылдың алғашқы екі айында сыртқы сауда саласына 160 миллиард юаньнан астам жаңа несие берді. Бұл қаражаттың шамамен 40%-ы сыртқы сауданы тұрақтандыру үшін маңызды болып табылатын ұйымдар мен жеткізу тізбектеріне бағытталды. Банк жоғары технологиялық және жоғары қосылған құнға ие өнімдердің экспортын қолдауға, кәсіпорындарға әртараптандырылған нарықтарды зерттеу үшін «жаһандық деңгейге шығуға» көмектесуге және сыртқы сауданың жаңа түрлерін сапалы дамытуға басымдық берді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



