- Барлық ақпарат
Алғашқы екі айда Қытайдың құрылыс машиналары өнімдері экспорты былтырмен салыстырғанда 33,4%-ға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 наурыз

26 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Құрылыс машиналары өнеркәсібі қауымдастығының мәліметтері бойынша, Қытай құрылыс машиналары өнімдерінің экспорты 2026 жылдың алғашқы екі айында жылдам өсу үрдісін сақтап қалды. Жалпы экспорт көлемі 10,686 миллиард АҚШ долларына жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 33,4%-ға өсті. Тіпті Көктем мерекесі ұзаққа созылатын ақпан айында экспорт көлемі 5,1 миллиард АҚШ долларынан асып, 2025 жылғы орташа айлық экспорт көлемінен 50,16%-ға асып түсті.



(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



