- Барлық ақпарат
Астана ЛРТ-сын басқару мамандарының төртінші төбы Тяньцзиньде оқуын аяқтады

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 26 наурызда Тяньцзинь теміржол транзиттік тобы Астана жеңіл теміржолының төртінші топ басқару мамандары мен тыңдаушыларының оқу бітіру салтанатын өткізді. 20 маманның екі айға созылған тәжірибелік оқуы сәтті аяқталды. Төртінші топ мамандрының курсты табысты бітіруімен Астана жеңіл теміржолының бірінші кезең құрылысы бойынша мамандар мен тыңдаушыларды Тяньцзиньде даярлау міндеті де толық аяқталды.
Төртінші топ басқару мамандарының ұжым жетекшісі Ерік Досмұхамедұлы: «Қазір біз жұмысқа кірісуге дайынбыз. Алдағы уақытта алған білімімізді Астана ЛРТ-сының жұмысын жүргізуде қолданып, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетеміз», – деді.

Осы уақытқа дейін Тяньцзинь теміржол транзиттік тобы ел ішінде және шетелде 10 топтық оқу өткізіп, жиынтығы 300-ден астам Астана ЛРТ мамандарына жүйелі, кәсіби даярлық қызметін ұсынды. Мамандар Астана ЛРТ-сын пайдалануға дайындық жұмыстарына кезең-кезеңмен араласуда.
people.cn © People's Daily Online



