Жібек жолындағы музыка мен би: өркениет алмасуының тарихи жаңғырығы

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 наурыз

27 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Хэнань мұражайында сақталған Солтүстік Ци әулетіне жататын сары сырлы жалпақ құмыра — Жібек жолы естеліктерін еске салатын мәдени қазына. Бұл керамикалық ыдыстың пішіні көшпелі халықтың аттың қанжығасына байлап жүретін торсығы формасында жасалған. Оның екі бүйіріне «Хутэн биінің» суреті басылған. Көріністе биші лотос тұғырының үстінде секіріп, айналадағылар сыбызғы тартып, дабыл соғып, пипа шертеді. Бұл бейнелер мың жылдан астам уақыт бұрын Қытайдың Орта жазығында гүлденген өзге өңір музыкасы мен биінің керемет көрінісін айқын көрсетеді.

Хутэн биі — Орталық Азияның Chaj патшалығында (қазіргі Өзбекстанда орналасқан) пайда болған, секіріп билейтін ерлердің биі. Солтүстік әулеттер кезеңінде, Жібек жолы ашылып, осындай тебінді билер, пипа сынды музыкалық аспаптар Орта жазыққа жетіп, сарай мен халық арасында кең таралды. Хутэн бишілерінің образдары Жібек жолы бойынан табылған Солтүстік әулеттерден Тан әулетіне дейінгі артефактілердің арасында жиі кездеседі.

Хань әулеті кезінде Чжан Цянь Батыс аймақтарға елшілік сапарға шыққаннан бері Орта жазық пен Орталық Азия, Батыс Азия және одан да шалғай аймақтар арасында барыс-келіс жиілеген. Суй және Тан әулеттері кезінде ашықтық пен инклюзивтік көзқарас ұстанатын Қытай өркениеті сырттан келген музыкалық мәдениеттерді жергілікті дәстүрлермен тоғыстыра білді. Бұл үндестік қытай музыкасы мен биінің қолданыстағы түрлерін байытты. Осылайша Суй мен Тан дәуірлерінде музыкалық өнердің ерекше гүлденуіне ықпал етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото