Қаңтар-ақпан айларында Шыңжаң шекара бекеттерінде жүк пен адам ағыны қауырт артты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 наурыз

30 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы жылдың алғашқы екі айында Шыңжаң шекара бекеттерінде дамудың жақсы үрдісі жалғасып, жүктің кедергісіз өтуі, сауда-саттықтың қарқынды дамуы байқалды.

Тұрғат шекара бекетінде экспортталатын автокөліктер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 254 пайызға артып, тарихи кезеңдегі ең жоғары көрсеткішке жетті.

Қорғас шекара бекетінде Қытай-Еуропа (Азия) пойызы 1685 рет өтіп, 10,35 пайызға өсті. Экспортталған автокөліктер 54 мың автокөлікті құрап, 13,9 пайызға артты. Оның ішінде экспортталған жаңа энергия көліктері 20 мыңға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3 пайызға жоғарылады.

Жеменей шекара бекетінде 4100,4 тонна жеміс-көкөніс экспортталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 888 пайызға артты. Айтарлықтай өсімге қол жеткізген жеміс-көкөніс экспорттайтын кәсіпорындар саны 70-тен 140-қа дейін ұлғайды.

Бақты шекара бекетіндегі шекара маңы халық саудасының импорттық құны 200 миллион юаньға жетіп, 61 пайызға өсті. Өңдеуге маманданған кәсіпорындар 2022 жылғы 1-ден 15-ке дейін артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото