- Барлық ақпарат
Ханчжоу, Санья, Сучжоу қалалары БҰҰ-ның «Қалдықсыз қала» тізіміне енді
31 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 30 наурыз – «Халықаралық қалдықсыз күн». 27 наурызда БҰҰ Бас хатшысының қалдықсыз сараптамалық кеңесі жаһандық «Қалдықсыз қала» бастамасының алғашқы іріктеу тізіміндегі 20 қаланы жариялады. Бұл тізімге Қытайдың Чжэцзян өлкесінің Ханчжоу қаласы, Хайнань өлкесінің Санья қаласы және Цзянсу өлкесінің Сучжоу қаласы іріктелді.
БҰҰ Бас хатшысының қалдықсыз сараптамалық кеңесі іріктелген қалалардың таныстырылымында былай делінген:

Ханчжоу қаласы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және ресурстарға айналдыру деңгейін арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдаланады.

Санья қаласында «пластикке тыйым салу» ережесі, қалдықтарды сұрыптау және жағажайларда ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Сучжоу қаласы қалалық және ауылдық аумақтарды қамтитын қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және өңдеу жүйесінің толық қамтылуына қол жеткізді.
people.cn © People's Daily Online



