4 секунд озды! Қытайлық мотоцикл бренді абсолютті басымдықпен топ-турнирде чемпион атанды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 31 наурыз

31 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақытымен 29 наурызда өткен Супербайк әлем чемпионатының (WSBK) Португалия кезеңіндегі SSP тобының екінші жарысында француз шабандозы Валентин Дебиз қытайлық Zhangxue Motor маркасының 820RR-RS жарыс мотоциклін басқарып, чемпион атанды.

Бір күн бұрын өткен бірінші жарыста Дебиз тізгіндеген 820RR-RS мотоциклі екінші орыннан 4 секундқа озып, чемпиондыққа қол жеткізген болатын. Бұл – қытайлық мотоцикл өндірушісінің SSP тобындағы тарихтағы тұңғыш жеңісі, сондай-ақ қытайлық мотоцикл брендінің WSBK сериясындағы кезең чемпионы атанған алғашқы сәті. Бұл Ducati, Yamaha сынды еуропалық, америкалық және жапондық брендтердің ұзақ жылғы үстемдігін бұзды.

WSBK – Халықаралық мотоцикл федерациясымен 1988 жылы құрылған дүниежүзілік деңгейдегі мотоцикл жарысы. Мотоцикл жарыстарының әлем чемпионатынан (MotoGP) айырмашылығы, WSBK жарысының басты ерекшелігі – қатысушы мотоциклдердің көпшілікке сатылатын үлгілерге негізделіп, шектеулі түрде жетілдірілуі. Сондықтан бұл жарыс «тректегі моторшоу» деп аталады және мотоцикл өндірушілерінің көпшілікке сатылатын үлгілердегі технологиялық мүмкіндіктерін көрсетуге арналған маңызды алаңдардың бірі болып саналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото