- Барлық ақпарат
Air Astana Алматы-Шанхай бағытын іске қосты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 сәуір

1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 30 наурыз күні Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Шанхайға тікелей рейсі Шанхай Пудун халықаралық әуежайына қонды.
Жаңа бағыт аптасына үш рет орындалады: Алматыдан Шанхайға рейстер сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Ал Шанхайдан Алматыға рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ұшады.
Қазіргі уақытта Air Astana Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын қос бағыттағы жеті бағытты басқарады, оның ішінде Алматыдан Бейжіңге, Шанхайға, Үрімжіге және Гуанчжоуға қатынайтын бағыттары, тағы да Астана-Бейжің бағыты, Алматы мен Астанадан Саньяға чартерлік рейстер бар.


(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



