- Барлық ақпарат
Ханчжоу әуежайы Ташкентке жаңа тікелей бағыт ашты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 сәуір

1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 31 наурыз күні Ханчжоу Сяошань халықаралық әуежайы Qanot Sharq компаниясының Ханчжоу мен Ташкентті байланыстыратын тікелей бағытының алғашқы рейсін қарсы алды.
Ханчжоу Сяошань халықаралық әуежайының бас менеджері Чжоу Цзе 2024 жылдың соңында Ханчжоу әуежайы Uzbekistan Airways компаниясы басқаратын Ташкентке алғашқы тікелей бағытын ашқанын атап өтті. Qanot Sharq компаниясының қосылуымен Ханчжоудан Орталық Азия елдеріне аптасына қатынайтын ұшақтар саны 11 рейске жетіп, Шығыс Қытай аймағындағы Орталық Азияға рейстер ең көп қатынайтын әуежай болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



