- Барлық ақпарат
Халықаралық ядролық ғылым олимпиадасында Қытай құрамасы бір алтын, үш күміс медаль жеңіп алды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Халықаралық ядролық ғылым олимпиадасы 8 тамызда Сауд Арабиясының батысындағы Джидда қаласында жабылды. Олимпиадаға Қытай құрамасы алғаш рет қатысып, бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алып, жалпы есеп бойынша қатысушы елдер арасында алдыңғы қатарда тұрды.
Халықаралық ядролық ғылым олимпиадасы Халықаралық атом энергиясы агенттігінің қолдауымен өткізілетін, ядролық ғылым тақырыбына арналған әлемдегі тұңғыш халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы болып табылады. Оның мақсаты – жасөспірімдерді ядролық ғылым мен ядролық технология саласына бағыттау. Бұл олимпиада 2024 жылы құрылған. 19 елдің құрама командалары қатысқан ағымдағы жарыс үшінші рет өткізіліп отыр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



