Екі департамент шұғыл түрде орталық табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету қорынан алдын ала 180 миллион юань бөлді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 тамыз

Фото:Синьхуа

Фото:Синьхуа

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында «ақ дельфин» тайфуны салдарынан зардап шеккен еліміздің шығысындағы бірнеше өлкеде қатты жаңбыр жауып, ауыр су тасқыны болды, ал еліміздің солтүстік-батыс аймағында жаңбыр аз жауып, құрғақшылық жағдайы сақталды. Тілшінің 10 тамыз күні Қаржы министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, Қаржы министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп, шұғыл түрде орталық табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету қорынан алдын ала 180 миллион юань бөлді

Бөлініп берілген қаражаттың 120 миллион юаны оңтүстіктегі 5 өлкенің су тасқыны мен тайфун төтенше жағдайларына төтеп беріп, көмек көрсету жұмыстарына қолдау көрсетуге, ал 60 миллион юань ақшаны Ішкі Моңғұл мен Шыңжаңға құрғақшылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бөлді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото