«15-інші бесжылдық» жоспарды орындау (3)|Үшінші кедергі: Күнделікті жүретін жол өмірді қалай өзгерте алады?

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 тамыз

Қытайдың алдағы 5 жылдағы экономикалық логикасын қалай түсінуге болады? Бұл туралы «15-інші бесжылдық» жоспарды орындау деп аталатын жаңа AIGC қысқаметражды сериясы айқын көзқарас ұсынады.

«15-інші бесжылдық» жоспарды орындаудың осы бөлімінде басты кейіпкер Мина бірлескен жобаны қайта бағалау үшін Тринидад пен Тобагоға сапар шекті. Досы Сараның жеке тәжірибесі арқылы медициналық көмекке оңай қол жеткізуге болатынын, білім алу мүмкіндіктері артатынын және күнделікті жол жүру уақытын айтарлықтай қысқаратынын білді. Осы арқылы Мина серіктестіктің шынайы құндылығын тек сандармен өлшеуге болмайтынын түсінеді. Оның нәтижесі отбасымен көбірек уақыт өткізуден, өзін дамытатын мүмкіндіктердің артуы және күнделікті өмірінде нақты өзгерістер болуынан көрінеді.

«15-інші бесжылдық» жоспарда айтылған бірге ақылдасу, бірге құру және тең бөлісу; ашықтық, жасыл даму және тұтастық; жоғары стандарттар, халық тұрмысына пайда әкелу және тұрақтылық сияқты басшылық қағидаттарын ұстануға баса назар аударылады. Онда «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапалы бірлесіп құруды ілгерілету тетіктерін жетілдіру және инфрақұрылымдағы «қатты байланысты», ережелер мен стандарттардағы «жұмсақ байланысты» және серіктес елдердің халықтарының «жүректері тоғысу байланысын» тереңдету керек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото