- Барлық ақпарат
Жаңа энергетикалық көліктердің ай сайынғы жаңа көлік сатылымындағы үлесі алғаш рет 60%-дан асты

Фото:Синьхуа
13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының 12 тамыз күні жариялаған деректері бойынша, 2026 жылдың шілдесінде жаңа энергетикалық көліктердің ай сайынғы жаңа көлік сатылымындағы үлесі алғаш рет 60%-дан асып, олардың жиынтық нарықтағы үлесі бірінші рет 50%-дан жоғарылады. Ай сайынғы көлік экспорты 2 ай қатарынан 1 миллион данаға жетіп, сол кезеңде жаңа энергетикалық көлік экспорты жалпы көлік экспортының 50%-дан астамын құрады.
Жылдың алғашқы 7 айында еліміздегі автомобиль өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 17,567 миллион және 17,602 миллион данаға жетті. Оның ішінде жаңа энергетикалық көлік өндірісі мен сатылымы 9,014 миллион және 9,007 миллион дананы құрады. Бұл екеуі де сәйкес мезгілден шамамен 10%-ға өскенін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, шілде айында жаңа энергетикалық көлік өндірісі мен сатылымы 1,576 миллион және 1,561 миллион бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 26,8% және 23,7%-ға артты. Аккумуляторлы электр көліктерін өндіру мен сату 1 миллион данадан асып, сәйкес уақытпен салыстырғанда 30%-дан жоғарылады.
Шілде айында автомобильдердің жалпы өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 2,573 миллион және 2,584 миллион бірлікке жетті.
Автокөлік экспорты жедел өсуін жалғастырып келеді. Шілде айында 1,043 миллион көлік экспортталды. Бұл ай сайынғы өсім 0,6%-ды және сәйкес уақытпен салыстырғанда 81,3%-ға артуды құрады. Олардың ішінде жаңа энергетикалық көлік экспорты 553 000 дана болып, ай сайынғы өсім 5,7%-ды, сәйкес уақытпен салыстырғандағы өсім 150%-ды құрады.
people.cn © People's Daily Online



