Шыңжаңның шөл даласында алып «күн энергиясы қуат банкі» орналасқан

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 тамыз

14 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Күн энергиясы күн батқаннан кейін де электр энергиясын өндіре ала ма?

Шыңжаңның Құмыл аймағындағы қатар-қатар тізілген сызықтық френель шағылыстырғыштары күн сәулесін жинап, жылу энергиясына айналдырып, оны балқытылған тұз арқылы сақтайды. Түнде бұл жинақталған жылу бөлініп шығып, электр энергиясын өндіруді жалғастыруға мүмкіндік береді. Яғни бұл күн сәулесіне арналған алып «қуат банкі» іспетті.

Мұндағы «концентрацияланған күн энергиясы + фотоэлектрлік энергия» интеграцияланған жобасының жалпы қуаты 1 миллион киловатт, ол 900 мегаватттық фотоэлектрлік электр станциясы және 100 мегаватттық сызықтық френель балқытылған тұзды күн жылу энергиясын сақтау электр станциясынан тұрады; күн жылу электр станциясының айна алаңы шамамен 800 000 шаршы метр аумақты алып жатыр.

Күн сәулесін бақылаудан және жылуды сақтаудан бастап электр энергиясын өндіруге дейін күн энергиясы Құмылдағы шөл далада күн мен түннің арасындағы айырмашылықты еңсеріп жұмыс істеуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото