Экологиялық және қоршаған орта кодексі күшіне енді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 тамыз

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 15 тамыз күні «Қытай Халық Республикасының Экологиялық және қоршаған орта кодексі» ресми түрде күшіне енді. Бұл құжат адамзат пен табиғат жарасымды ортақ өмір сүруінің құқықтық негізін одан әрі нығайтты.

Бұл кодекс — Қытайдағы «Қытай Халық Республикасының Азаматтық кодексінен» кейінгі екінші кодификацияланған заң.

5 бөлімнен және 1242 баптан тұратын кодекс ластанудың алдын алу және бақылау, экологияны қорғау және жасыл, төмен көміртекті даму сияқты бағыттарды қамтиды.

Ол экологиялық ортаға қатысты 30-дан астам қолданыстағы заңдарды, 100-ден астам әкімшілік ережелерді және 1000-нан астам жергілікті ережелер мен қағидаларды жүйелі түрде біріктіру, қорытындылау, қайта қарау және жетілдіру негізінде әзірленген.

Сондай-ақ 15 тамызда Қытайдың 4-інші Ұлттық экология күні атап өтілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото