«15-інші бесжылдық» жоспарды орындау (6)|Алтыншы кедергі: Қабырға сурет үңгірден қалай шықты?

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 тамыз

Қытайдың алдағы 5 жылдағы экономикалық логикасын қалай түсінуге болады? Бұл туралы «15-інші бесжылдық» жоспарды орындау деп аталатын жаңа AIGC қысқаметражды сериясы айқын көзқарас ұсынады.

Мина Дуньхуандағы Могао үңгірлерінің сандық көрме орталығына келгенде, барлық брондау орындары толып кеткендіктен, бір кішкене қонақ әйгілі 285 үңгірін аралай алмай қалғанын көрді.

Проекциядағы «Фэйтиань» образының тербелген көрінісіне ілесіп, Мина сандық үңгір өндіріс орталығына келді. Ол мәдени жәдігерлерді цифрландыру тек суретке түсірумен шектелмейтінін, бұл үңгірдің түстерін, қабырға бедерлерін, жарық пен көлеңкенің өзара әрекеттесуін және тіпті мыңжылдан бері жалғасқан уақыт іздерін толық сақтау үшін жоғары технологиялық әдістерді қолдануды қамтитынын білді. VR және иммерсивті технологиялар арқылы көрермендер дәстүрлі қытай құрылыстарының дөңгелек әшекейлерін тамашалап қана қоймай, «Фэйтиань» образының күрделі бөлшектерін жақыннан көріп, өздері қабырға суретінің ішіне кіргендей сезімде болады.

Мәдени жәдігерлерді сақтаудың ең жақсы тәсілі — оларды өткеннің еншісінде қалдырып, бұлжытпай сақтау емес, керісінше, уақыт пен кеңістікті еңсеріп, бүгінгі адамдармен байланыс орнатуда жатыр. Мың жыл бұрынғы қыл қаламмен салынған суреттер қазіргі заманғы көрермендерді әлі де толғандыра алатын болса, бұл ежелгі өнер түрінің шынымен де мәңгілік өміршеңдікке ие болғаны.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото