- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Қашқар қаласы халықаралық бауырлас қалалар желісін кеңейтті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 тамыз

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 15 тамызда Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Қашқар қаласында өткен 2026 жылғы бауырлас қала байланысын дамытуға арналған конференцияда Қытайдың Шыңжаңындағы Қашқар аймағының Мәкіт ауданы Өзбекстанның Ташкент қаласының Бектемір аумағымен халықаралық бауырлас қала қарым-қатынасын орнату туралы ниет хатына қол қойды.
Қазірге дейін Шыңжаңның Қашқар аймағы 9 қаламен халықаралық бауырлас қала қарым-қатынасын орнатқан еді. Тағы 14 қаламен халықаралық бауырлас қала қатынасын орнату туралы ниет хатқа қол қойылған.
Фото:China Daily
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



