Қытай-Еуропа арктикалық экспресс бағыты ресми түрде жұмысын бастады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 17 тамыз

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 15 тамыз күні Хайцзе компаниясының «Дубай мұнарасы» кемесі Нинбоның Чжоушань портындағы Чуаньшань порты аймағындағы контейнерлік терминалдан жолға шықты. Бұл Қытай-Еуропа арктикалық контейнерлік бағытының жазғы кеме қатынау маусымында апталық жұмыстың жаңа кезеңіне ресми кірісуін білдіреді. Бағыттың тұрақты жұмысы Қытай мен Еуропа арасындағы сауда үшін жылдам, тиімді, жасыл және төмен көміртекті солтүстік логистикалық дәлізін құрады.

Хайцзе копаниясы жауапты тұлғасы Фан И 2026 жылғы Қытай-Еуропа арктикалық экспрессінің алғашқы кемесі Нинбо-Чжоушань портында ішкі портқа тоқтағанын мәлімдеді. Қытайдан шыққаннан кейін ол Ұлыбританияның Феликстоу, Нидерландының Роттердам, Германияның Гамбург және Польшаның Гдыня порттарына аялдайтыны жоспарланды. Бұл сапар негізінен Нинбо және Иу сияқты Янцзы өзені атырауындағы қалалардан келген энергия сақтау шкафы, қуат батареялары, фотоэлектрлік модульдер және жаңа энергия көліктерінің компоненттері сияқты жоғары температураға сезімтал жүктерді тасымалдайды. Бұл Еуропа нарығына маусымдық экспорттық жеткізілімдерге деген сұранысты нақты қанағаттандырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото